Бас жаңалықтар
Тоқаев Еурокомиссияның жаңа төрағасын құттықтады
20 Шілде 2019, 15:06 227

Тоқаев Еурокомиссияның жаңа төрағасын құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенді Еуропалық комиссияның төрағасы болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында Еуропалық одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен ішкі және сыртқы саясатта жаңа жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

«Келешегі бар әртүрлі салада Сізбен бірлесіп жұмыс істейтінімізге үміттенемін және алдағы жылдардағы маңызды бастамаларымызды жүзеге асыруда Сіздің тарапыңыздан қолдау болады деп санаймын», – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссия төрағасына амандық, жауапты қызметіне мол табыс тіледі.

Сізден жаңалық