Тоқаев Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

23 Наурыз 2019, 12:13
1771
Бөлісу:
Тоқаев Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болуымен құттықтады.  


"Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тарихта тұңғыш рет төрт айналымдық секіріс жасады. Жарайсың! Қазақ спорты жасай берсін!", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

Элизабет Тұрсынбаева 22 наурызда қос бағдарламаның қорытындысы бойынша 223,80 ұпаймен күміс медальға ие болды. Ресейлік Алина Загитова 237,50 ұпаймен чемпион атанса, Евгения Медведева 223,80 ұпаймен қола медаль алды. Элизабет ересектер арасында алғаш рет төрттік сальхов (4S) элементін орындаған алғашқы әйел мәнерлеп сырғанаушы атанды.
Өзгелердің жаңалығы