Бас жаңалықтар
Тоқаев үкіметті емес, депутаттарды қолдайтынын көрсетті – Перуашев
22 Қыркүйек 2020, 16:47 1143

Тоқаев үкіметті емес, депутаттарды қолдайтынын көрсетті – Перуашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші Жолдауы – елдің қазіргі жағдайына сәйкес және пандемия кезінде мемлекеттік басқарудағы кемшіліктерді көрсетіп берді. Сонымен қатар қоғамның өзгерістерге ұмытылып жатқанын көрсетіп берген құжат болды. Көп жағдайда Президент мәселені ашық көтерді. Олардың шешімдерін іздестірді. Кейбір проблемада Президент жауапкершілікті өзіне артып, нақты тапсырма бергені, әсіресе, әлеуметтік саладағы шешімдерін ерекше айта аламыз. Мысалы, зейнетақы қорының келесі жылы тұрғын үй мен емдеу үшін жинақтарын алуы. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысының көтерілуі, инфекциялық ауруханалар салу, ғылыми гранттардың бөлінуі сияқты бастамалар айтылды. Әрине, кәсіпкерлер үшін Президенттің экономикалық бастамалары өзгеше көрінеді, - деді Азат Перуашев ОКҚ-да өткен брифингте. 

Осы ретте ол Мемлекет басшысының Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігін құру туралы шешімі дұрыс болды деп отыр.

 «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары 2019 жылғы 4 желтоқсандағы үкіметке жасаған сауалында қазіргі жағдайға нарықтық емес мемлекеттік-монополистік жүйеге айналып кеткен деп баға беріп, Үкіметтен бәсекелестік қорғауды сұрады. Бірақ ол кезде Үкімет «бәрі бақылауда тұр» деп жауап берді. Ал Президент атқарушы биліктен гөрі депутаттар пікіріне жақын екенін көрсетті. Үкіметке бағынбайтын агенттіктің құрылуы – нарықтық негізге оралуға мүмкіндік береді деп білеміз, - деді партия төрағасы.


Фото: дереккөз
Загрузка...