Бүгін Тоқаев бейнеүндеу жасайды

21 Қыркүйек 2020, 17:51
3210
Бөлісу:
Бүгін Тоқаев бейнеүндеу жасайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейне үндеу жасайды, - деп жазды ол.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб сайтынан: http://webtv.un.org көруге болады.


Өзгелердің жаңалығы