Тоқаев әскери қызмет саласында бірқатар ауыз-түйіс жасады

4 Мамыр 2019, 19:27
2819
Бөлісу:
Тоқаев әскери қызмет саласында бірқатар ауыз-түйіс жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдерімен еліміздегі әскери қызмет саласында бірқатар басшы ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне және Қайрат Әнуарбекұлы Садықов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Ал Мемлекет басшысының Өкімімен бұған дейін ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болған Серік Базарбекұлы Ысмайылов қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы