Қазақстанда қылмыстық топты қаржыландырған әзербайжандық ұсталды

21 Қаңтар 2020, 20:05
1413
Бөлісу:
Қазақстанда қылмыстық топты қаржыландырған әзербайжандық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаменті ҰҚК "А" Арнайы Мақсаттағы күштерімен бірлесе отырып, ҚР ҚК 266-бабы ("ТҚҚ әрекетін қаржыландыру") бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі "С" деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады.

Көрсетілген адам Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне ақшалай қаражат аударумен айналысқан. Қаржыландыру жергілікті кәсіпкерлерден қорқытып алу жолымен алынған қаражаттан жүзеге асырылған – делінген ҰҚК таратқан апаратта.

Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 10 қыркүйекте астанада арнайы операция жүргізілген болатын, оның барысында көрсетілген топтың жетекшісі мен мүшелері ойдан шығарылған борыш есебінен қорқытып алу нәтижесінде кәсіпкерден "Toyota" маркалы автомашинаны алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталған.

Ұстау кезінде фигуранттардан 11 патроны бар "Макаров" жауынгерлік пистолеті мен 5 патроны бар травматикалық пистолет алынған.
Өзгелердің жаңалығы