Махаббат, қызық мол жылдар: Астанада сүйіктісінің тонын ұрлаған жігіт ұсталды

14 Қыркүйек 2020, 17:13
1848
Бөлісу:
Махаббат, қызық мол жылдар: Астанада сүйіктісінің тонын ұрлаған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада сүйіктісінің екі тонын ұрлап кеткен азамат ұсталды.

Екі бұлғын тонды күдікті ломбардқа өткізіп үлгерген. Полиция оны дер кезінде тәркіледі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында 25 жастағы елорда тұрғынын құрықтады.

Мән-жайды анықтау барысында жастар ұзақ уақыт бойы жүріп жүрген көрінеді. Пәтерге емін-еркін кіріп жүрген жігіт үйден екі қымбат бұлғын (соболь) тонды алып шығып, ломбардқа өткізіп жіберген. Зардап шеккен бойжеткен кеткен шығынның құнын 1 млн деп бағалады, - делінген хабарламада.

Бұл дерекке сәйкес ҚР ҚК 188-бабына сайкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы