"Томирис" әлемнің он елінде көрсетіледі

26 Маусым 2020, 16:25
1336
Бөлісу:
"Томирис" әлемнің он елінде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Томирис" әлемнің он елінде көрсетіледі. Бұл туралы картинаның режиссері Ақан Сатаев өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды. 

Қуанышты жаңалық! Канн онлайн-кинонарығы аясында біздің Arclight Films сату-агентіміз «Томирис» кинтуындысын халықаралық көрсетілімге шығару туралы сәтті мәмлелер жасағанын хабардар етті. «Томирис» фильмі: Франция (дистрибьюторы: SND Films), Италия (Blue Swan), Испания (Art Mood), Ресей (Paradise), Румыния (Program 4 Media), Түркия (Siyah Bayez Movies), Жапония (AT Entertainment), Таяу Шығыс (Gulf Film), Оңтүстік Корея (Challan), Сингапур (Shaw) елдерінде көрсетілімге шығады. Бұл біздің фильміміздің халықаралық тарихының бастамасы ғана деп сенеміз, - деп жазды ол.


Өзгелердің жаңалығы