Бас жаңалықтар
Токиодағы жазғы ойындарға жолдама алған теннисші дайындығы жөнінде айтып берді
20 Маусым 2021, 15:42 320

Токиодағы жазғы ойындарға жолдама алған теннисші дайындығы жөнінде айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының бірінші кезеңі аяқталуға жақын, деп жазды olympic.kz.

Турнир нәтижесі бойынша Жоғары лигадағы үздік екі ұжым Суперлигаға ауысады. 

Аталған чемпионат Токиодағы жазғы ойындар қарсаңында мен үшін маңызды дайындық кезеңі саналады. Ойын көп, қарсыластар әртүрлі. Қызықты кездесулердің барлығы да тәжірибе беретіні анық. Жарыс басталғанға дейін екі апталық оқу-жаттығу жиынына қатысып, техникамды жақсарттым, физикалық дайындықты күшейттім. Бәрі жоспар бойынша өтіп жатыр, - дейді «Астана» клубының өкілі Кирилл Герасименко. 

Айта кетелік, Кирилл Герасименко рейтинг бойынша Олимпиадаға жолдама алды.

Загрузка...