Бас жаңалықтар
Токиодағы жарыста қазақ каратэшілерінің мүмкіндігі қандай?
05 Тамыз 2021, 00:15 426

Токиодағы жарыста қазақ каратэшілерінің мүмкіндігі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Токиодағы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет каратэден жарыстар өтеді. Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин бұл сәт Шығыс жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері үшін тарихи оқиға екенін айтты.

Әлемнің барлық каратэшілері мұны көптен күткен болатын. Енді, міне бұл арман каратэнің Отанында жүзеге асырылмақ. Каратэден жарыстар Токиодағы әйгілі Будокан жекпе жек сарайында өтеді. Қазақстан жанкүйерлері үшін бұл доданың маңызы зор. Өйткені каратэ бойынша бізде жақсы мүмкіндіктер бар. Сонымен, біріккен олимпиялық 67 кг салмақта әлемдік рейтингті негізінен қазақстандық каратэші Дархан Асадилов бастап тұр. Бірақ Дарханның бұрын негізгі салмағы 60 кг болатын, сондықтан оның кейбір қарсыластарының салмағы ауырлау болуы мүмкін. 75 кг салмақта Нұрқанат Әжіканов шығады. Алайда, бұл топта өңкей әлем бойынша чемпион атанып жүрген әйгілі картаэшілер бар. Әсіресе, атақты әзірбайжандық спортшы Рафаэл Агаев болғандықтан, біздің үмітіміз шамалы, – деп жазды Ерлан Қарин.

75 тен жоғары салмақта Қазақстан атынан кілемге Данияр Юлдашев шығады. Оның тобында да әлемдік біріншіліктерде талай рет озған түркиялық және германиялық картаэшілер бақ сынасады, бірақ Даниярға ол қарсыластар таныс, бірнеше рет жеңген болатын. Сондықтан бар күші мен біліктілігін салса, бір медальды қоржынға салуымыз әбден мүмкін.
Әйелдер арасында ең қиын салмақ - 55 кг, ал бұл салмақта додаға біздің елден Мөлдір Жаңбырбай түседі. Оның қарсыластары әлем біріншілігін бастап тұрған түркиялық және жапондық каратэші қыздар. Ал 61 кг жоғары салмақта Қазақстаннан кілемге Софья Берульцева шығады. Оның да қарсыластары әлемдегі ең мықты жапондық, украиналық және ирандық картаэшілер. Олардың біразын кезінде Софьяның жеңгенін ескерсек, сәл болса да бір үміт бар. Дегенмен, ертең негізгі біздің үмітіміз ол Darkhan Assadilov. Барлық біздің картаэшілерге ертең сәттілік тілейміз. Бұл каратэ бойынша тұңғыш олимпиялық жарыстар болғандықтан, әрине психологиялық және басқа тұрғыдан қиындау болады. Дегенмен біздің спортшыларымыздың дайындығы жаман емес. Әттең, осы күнге еліміздегі каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, Дүниежүзілік каратэ федерациясының атқарушы комитетіне ТМД кеңістігінен жалғыз енген қазақстандық спортшы Жасталап Санауов жетпегені өкінішті. Осы жарыстарды болдыртуға, қазақ каратэшілеріне әлемдік деңгейге жол ашуға көп еңбек еткен болатын. Ертең Жәкеңнің әруағы бір аунап түсетін шығар, – деді Президент көмекшісі Ерлан Қарин.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...