Токио-2020: Олимпиададан жүлде алған жетісулықтар елге оралды

28 Шілде 2021, 21:57
1587
Бөлісу:
Токио-2020: Олимпиададан жүлде алған жетісулықтар елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүфлия Чиншанлоны жерлестері Алматы әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Токио Олимпиадасында  Игорь Сон 61 келіде жұлқа және серпе көтеруді (131+163) қоса есептегенде 294 келіні бағындырып, қола медаль алды. Бұл - Олимпиададағы еліміздің екінші медалі болды.

Ал жарыстың үшінші күні сайысқа түскен Зүлфия Чиншанло 55 келі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні (90+123) көтерді. 

Жанкүйерлер спортшыларды әуежайда зор қошеметпен қарсы алды. Жүлдегерлер өздерінің алған әсері мен жарысқа дайындығы туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы