Токио Олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

28 Қаңтар 2021, 21:18
1312
Бөлісу:
Токио Олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарын жанкүйерсіз өткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы баспасөз жиынында ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори мәлімдеді. 

Біз ойынды жанкүйерсіз өткізгіміз келмейді. Алайда, бұл нұсқаны да ойластырмасақ болмайды, - деді ол. 

Айта кетелік, бүгінге дейін Олимпиада ойындарын өткізудің түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Бұған әлемдегі коронавирусқа байланысты жағдай әсер етуде. 

Ал ХОК президенті Томас Бах ғаламдық індетке қарамастан, Токио Олимпиадасы мерзімінде өтетінін айтты. 

Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына жоспарланған. 

Өзгелердің жаңалығы