Токио Олимпиадасы: Юсуп Батырмұрзаев жолдама еншіледі

11 Сәуір 2021, 17:31
1598
Бөлісу:
Токио Олимпиадасы: Юсуп Батырмұрзаев жолдама еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев команда қоржынын бесінші жолдамамен толықтырды, деп жазды Olympic.kz.  

125 келіде белдесетін Юсуп жартылай финалдық үндістандық балуан Самит Самиттен 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша іріктеу турнирінің финалына шығып қана қоймай, Токио Олимпиадасына жолдама еншіледі.  

Бұл қазақстандық еркін күрес шеберлерінің бесінші жолдамасы. Бұған дейінгі төрт салмақтағы жолдаманы Әсет Серікбаев шәкірттері Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында иеленген болатын.  

Өкінішке қарай, 86 келідегі Азамат Дәулетбеков өзбек балуанына есе жіберіп, лицензиясыз қалды.  

Юсуп Батырмұрзаев 1996 жылдың 13 сәуірінде дүниеге келген. Ақтөбе облысының намысын қорғайтын ол 2020 жылғы Азия чемпионатында топ жарған. 

Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялардың жалпы саны 48-ге жеткенін естеріңізге саламыз. Ал күрес түрлеріндегі лицензиялар балуанға емес, тұтас командаға беріледі. 

Өзгелердің жаңалығы