Бас жаңалықтар
Токио Олимпиадасы: Үстел теннисінен қазақстандықтардың қарсыласы анықталды
21 Шілде 2021, 22:56 155

Токио Олимпиадасы: Үстел теннисінен қазақстандықтардың қарсыласы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимпиада ойындары аясында үстел теннисі бойынша жеребе тартылды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ерлер арасында жеке сайыс бойынша 65, ал әйелдер арасында 70 спортшы бақ сынайды. 

Сенбіде, 24 шілде күні қазақстандық Анастасия Лаврованың алғашқы қарсыласы ITTF рейтингінде 72-орында тұрған испаниялық Мария Сяо болады.

Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарысқа екінші кезеңнен қосылады. Ол 25 шілдеде Любомир Янчаржик (Чехия)/Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 


Фото: дереккөз
Загрузка...