Токио Олимпиадасы: Медаль кестесінде Қазақстан 71-орынға сырғыды

3 Тамыз 2021, 00:25
2859
Бөлісу:
Токио Олимпиадасы: Медаль кестесінде Қазақстан 71-орынға сырғыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 10-ыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан қоржынында бұрынғыша үш «қола» ғана бар. Жүлдегерлер – дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зүлфия Чиншанло.

Осы уақытта Қазақстан медаль сандары бойынша 71-орында тұр. Бірінші орында – Қытай (алтын – 29, күміс – 17, қола -16). Одан кейін АҚШ (22-25-17) және Жапония (17-6-10) келеді.

Медаль алған ТМД елдері арасында үздік көрсеткіш Ресейде – 5-орын (12-21-17). Беларусь пен Өзбекстан — 47-інші (1-0-1), Украина – 60-ыншы (0-1-5), Түрікменстан – 67-інші (0-1-0), Қазақстан – 71-інші (0-0-3), Әзербайжан – 73-інші (0-0-2), Армения – 75-інші (0-0-1) сатыда келеді.

Қырғызстан, Молдова және Тәжікстанда әзірге медальдар жоқ.

2 тамыздағы жағдай бойынша Олимпиада-2020-да ТОП-10 еніп отырған мемлекеттер:

1. Қытай — 29-17-16

2. АҚШ — 22-25-17

3. Жапония — 17-6-10

4. Австралия — 14-4-15

5. Ресей — 12-21-17

6. Ұлыбритания — 11-12-12

7. Франция — 6-10-7

8. Германия — 6-6-11

9. Оңтүстік Корея — 6-4-9

10. Нидерланды — 5-7-6

Өзгелердің жаңалығы