Бас жаңалықтар
Токио-2020: Жүзуден сынға түскен Баландин жартылай финалға өткен жоқ
24 Шілде 2021, 18:52 608

Токио-2020: Жүзуден сынға түскен Баландин жартылай финалға өткен жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода жүзуден іріктеу сындары аяқталды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға өткен жоқ, деп жазады Olympic.kz. 

Бесінші топта жарысқан Дмитрий 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орын алды. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-сатыға тұрақтады. 

100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже тіркеді. Екінші орында англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында германиялық Лукас Матцерат. 



Фото: дереккөз
Загрузка...