Токио-2020: Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

23 Шілде 2021, 22:25
3781
Бөлісу:
Токио-2020: Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио стадионында 2020 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды. Атлеттер шеруіне 96 қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Токиодағы Олимпиада ойындары тарихтағы ең ерекше ойын атағын алып үлгерді. Ойынның ашылу салтанаты, атлеттер шеруі мен олимпиада алауын жағу рәсімі алғаш рет жанкүйерлердің алдында емес, бос стадионда өтті. 

Бұл өте қызық сезім. Көрермендердің даусын естімей, олардың реакциясын көрмеген расында екіұдай сезім сыйлады. Риодағы атмосфера мүлде бөлек болған. Ең бастысы – бізді алыстағы ата-анамыз, отанымыз, бізге тілеулес болған ағайын қолдап отыр, - деді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

80 мың адамға арналған стадионға мыңға жуық адам жіберілді. Олар – ресми тұлғалар, ХОК және ұлттық олимпиадалық комитеттер өкілдері.

Көрермендер біз ойлағаннан әлдеқайда көп. Олар бүгін стадионда болмаса да, олардың барлығы камераның арғы бетінде біз үшін тақым қысып отыр. Жанкүйерлерге ашылу салтанаты ұнайды деген үміттемін. Ал біз бар күшімізді салып, мейілінше жақсы өнер көрсетуге тырысамыз, - деді Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова. 

Токио-2020: Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

Стадионға жиналған командалар ара қашықтықты сақтады. Бұл коронавирусты инфекцияның алдын алуға қажет. Сондай-ақ өткен Олимпиадалардағы жанкүйерлер шуылы Токио стадионындағы қатысушыларға жігер берді. Осылайша ұйымдастырушылар мерекелік көңіл-күйді сақтауға тырысқан. Дәстүр бойынша атлеттер шеруін Грекияның олимпиадалық командасы бастап, Жапония олимпиадашылары аяқтады. 

Токио-2020: Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

Олимпиада ойындарын Жапония императоры Нарухито ашық деп жариялады. Бұл Жапонияда өтіп жатқан төртінші Олимпиада ойындары. Бұған дейін Күншығыс елі 1964, 1972, 1998 жылдары төртжылдық додасын қабылдаған болатын. 

Токио-2020: Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды


Өзгелердің жаңалығы