Токио-2020: Зарина Дияс жарыстан бас тартуға мәжбүр болды

24 Шілде 2021, 22:25
2898
Бөлісу:
Токио-2020: Зарина Дияс жарыстан бас тартуға мәжбүр болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токио Олимпиадасына аяғының жарақатына қарамастан қатысқан. 

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сұхбат берген спортшы мәлімдеді, деп жазды Olympic.kz. 

Өкінішке қарай, кездесуді тоқтатуға тура келді. Өткен аптада Лозаннадағы турнирде аяғымды жарақаттап алдым. Біраз емдеген соң, жақсы болып қалғанмын. Бүгінгі кездесу кезінде аяғым қайтадан қатты ауыра бастады. Сол себепті, турнирді жалғастыра алмадым. Олимпиаданың мен үшін дәл осылай аяқталғанына қатты өкіндім, - деді Дияс. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасының бірінші айналымында Зарина Дияс 2021 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы Барбора Крейчиковамен (Чехия) кездескен болатын. Алайда бірінші сетте 2:5 есебімен ұтылып жатқан Зарина жарақатына байланысты жарыстан бас тартты. 

Өзгелердің жаңалығы