Бас жаңалықтар
Токио-2020. Юрий Юрков Олимпиаданың финалынан сырт қалды
02 Тамыз 2021, 13:03 247

Токио-2020. Юрий Юрков Олимпиаданың финалынан сырт қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы Олимпиада ойындарында 50 метрге үш позициядан нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды деп  хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сында Қазақстан атынан Юрий Юрков өнер көрсетті. Ол 1172 ұпай жинап, іріктеу кезеңін 14-ші орынмен аяқтады. 

Финалға жолдама алған 8 спортшының қатарына ену үшін Юрковқа 4 ұпай жетпей қалды. 


Фото: дереккөз
Загрузка...