Токио-2020: Виталий Худяков олимпиадаға жолдама алды

25 Шілде 2021, 12:01
1787
Бөлісу:
Токио-2020: Виталий Худяков олимпиадаға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков ашық суда жүзуден Токио Олимпиадасының жолдамасын алды. 

Оған қосымша квота бөлініп, Худяков Токио Олимпиадасында сынға түсетін 97-қазақстандық спортшы атанды. Ал өз кезегінде бұл команда еншісіндегі 98-жолдама деп, жазды Olympic.kz. 

Худяков ашық суда жүзуден 2019 жылғы Азия чемпионы. Алғашында құрлық чемпионатының алтын жүлдегері үшін Олимпиадаға жолдама берілетіні айтылған. Алайда, ойын басталғанға дейін Виталий лицензия алған жоқ. 

Осы орайда, Қазақстан ҰОК ашық суда жүзуден команда өкілі өз еңбегінің нәтижсіне сай Токио ойындарын қатысу құқығын алғанын хабарлайды. Спортшының нәтижесін ескере отырып, барлық жұмыстар атқарылды. 

Спортшылардың құқығын қорғау, оның ішінде Олимпиада қатысу құқығын реттеу Ұлттық олимпиадалық комитеттің басты міндеттерінің бірі. 

Виталий Худяков команданың екінші бөлігімен бірге 28 шілде күні Токиоға ұшып келеді. 

Өзгелердің жаңалығы