Токио-2020: Теннистен Михаил Кукушкин қарсыласынан не себепті ұтылғанын айтты

27 Шілде 2021, 18:05
2498
Бөлісу:
Токио-2020: Теннистен Михаил Кукушкин қарсыласынан не себепті ұтылғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы ойынын аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады. 

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Ол АТР рейтингінде 66-орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын.

Өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Қарсыласым өте жақсы ойнады. Өкінішке қарай, өзім көп күткен олимпиадалық турнирді осылай аяқтап отырмын. Токио төріндегі додаға ұзақ дайындалып, жақсы нәтиже көрсетемін деп үміттенгенмін, – деді ол.

Матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді.

Мен көрсеткішім басқа болады деп ойладым, мүмкін, тағдыр шығар. Жеңілуімнің басты себебін қарсыласымның менен мықты ойнағаны деп айтар ем. Ол маған қарағанда жақсы ойын көрсетті, - деді Михаил.

Илья Ивашко қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы