Бас жаңалықтар
Токио-2020: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады
24 Шілде 2021, 10:22 533

Токио-2020: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. 

Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Есеп – 5:0. 

Серік Теміржановтың келесі айналымдағы қарсыласы - америкалық боксшы Роган Дюк. 


Фото: дереккөз
Загрузка...