Токио-2020: Рыбакина қолаға таласады

29 Шілде 2021, 15:05
2319
Бөлісу:
Токио-2020: Рыбакина қолаға таласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін бәсекелеседі.

Рыбакина жартылай финалда швейцариялық теннисші Белинда Бенчичпен кездесті.

Үш сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 6:7, 6:4, 6:3 есебімен есе жіберді.

Бірінші сеттің ойыны 73 минутқа, екінші сет 41 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина 1999 жылы Мәскеуде туған. Елена қазақстандық кәсіби теннисші, WTA екі турнирінің жеңімпазы, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер командалық біріншілігінде Еуропа чемпионы.

Өзгелердің жаңалығы