Токио-2020: Олимпиаданың маңыздылығын сезінбеу керек еді – Гюзель Манюрова

2 Тамыз 2021, 19:38
2411
Бөлісу:
Токио-2020: Олимпиаданың маңыздылығын сезінбеу керек еді – Гюзель Манюрова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлім етті.

Сөзінше, жарыстағы қобалжу Олимпиаданың маңыздылығында жатыр. Егер палуандарымыз эмоцияға берілмей, жарыс атмосферасын сезінбесе - оңайырақ болады.

Бәрі біз ойлағандай емес. Әсіресе, жаттығу кезінде ескеретін жайттар көп екен. Қобалжумен қатар бізде эмоция өте көп болды. Өзің алаңға шығып күрескен қиынға соғады. Ал белдескен спортшылардың сыртынан қарап тұру қандай оңай екенін байқадым, - деді ол.

Оның айтуынша, төрт жыл Олимпиадаға дайындық пен оған жолдама алып сайысқа түсудің өзі үлкен жетістік.

Олимпиада ойындары әр спортшының түпкі арманы. Әрбір күн сайын залына келіп, жаттығуына жан-тәнін салады. Үздік он алтылықтың қатарына енудің өзі жақсы көрсеткіш. Күрестен 16 мықтының арасына іліккендердің барлығында үлкен қобалжу болды. Бәрі жеңіп, отанына медальмен қайтқысы келді. Дайындыққа келер болсам, тек күрестен ғана барлық спортшымыз жарысқа дайын болды. Бізге толыққанды жағдай жасалды, – деді Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері .

Сөз соңында жеңіліске не әкелгенін түсіндірді.

Олимпиадаға жеңіліп қайту үшін ешкім келмейді. Бәрі медаль алғысы келеді. Барлық спортшымыз жаттықты. Бұдан бұрын жарысқа жолдама да ұтып алды. Жүлде саны шектеулі, тек мықтылар ұтатын жарыс. Біздің қолымыздан не келді, соны істеуге тырыстық, - дейді Гюзель Манюрова.

Өзгелердің жаңалығы