Бас жаңалықтар
Токио-2020: Ольга Рыпакова келесі кезеңге шыға алмады
30 Шілде 2021, 17:11 312

Токио-2020: Ольга Рыпакова келесі кезеңге шыға алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар Ольга Рыпакова, Ирина Эктова мен Мария Овчинникова жарыстың келесі кезеңіне өтпей қалды.

Токио Олимпиадасында үш қазақстандық спортшы да үш қарғып секіру бойынша келесі кезеңге өте алмады.

Бірінші айналымда Рыпакова 13,66 метр нәтижесін көрсетті, екіншісінде – 13,69 метр (маусымның жеке рекорды), бірақ үшінші айналымы сәтсіз аяқталды. Үш әрекеттен кейін Ольга үздік 12-нің қатарына кіріп, финалға шыға алмады.

Бұл спорт түрі бойынша финал 1 тамызда өтеді.

Айта кетейік, Рыпакова үш рет қарғып секіруден Олимпиада медальдарының толық жиынтығына ие: Олимпиада ойындары - 2008 «күміс», Олимпиада ойындары - 2012 «алтын» және Олимпиада ойындары - 2016 «қола» медаль. Сондай-ақ оның активінде Азия ойындарының төрт алтын медалі бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...