Токио-2020: Курбанов семсерлесуден қарсыласына есе жіберіп алды

25 Шілде 2021, 13:45
2774
Бөлісу:
Токио-2020: Курбанов семсерлесуден қарсыласына есе жіберіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында семсерлесуден 1/16 айналым өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақстандық Руслан Курбанов қарсыласқа есе жіберді, деп жазды Olympic.kz. 

Екінші кездесуде Руслан жапониялық Ямада Масарумен кездескен болатын. Аталған жекпе-жекте жапондық спортшы 15:8 есебімен жеңіске жетті. 

Курбанов Токио Олимпиадасын осы жерден аяқтайды. Бұған дейін ол италиялық спортшыдан басым түскен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы