Токио-2020. Кирилл Герасименко жарыс жолынан шығып қалды

26 Шілде 2021, 12:27
2787
Бөлісу:
Токио-2020. Кирилл Герасименко жарыс жолынан шығып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарында жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Герасименко Токиодағы екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын Кирилл жеңіспен аяқтаған. Алайда кейінгі үш партияда неміс спортшысының шеберлігі басым болды. 

Нәтижесінде, кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. 


Өзгелердің жаңалығы