Бас жаңалықтар
Токио-2020: Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына енген жоқ
24 Шілде 2021, 15:35 200

Токио-2020: Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына енген жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлады Olympic.kz. 

Велошабандоздар додасында Эквадор өкілі Ричард Карапас жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 234 шақырымды 6:05.26 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. 

Күміс жүлдені бельгиялық Ван Арт Ваут, қоланы словениялық Тадей Погачар иеленді. 

Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижесін Алексей Луценко тіркеді. Ол жеңімпаздан 6 минут 21 секундқа артта қалып, 21-ші орын иеленді. 

Дмитрий Груздев пен Вадим Пронский жарыс жолынан шығып қалды. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...