Бас жаңалықтар
Токио-2020: Қазақстанда кей сайыстың неліктен трансляциясы болмағаны айтылды
24 Шілде 2021, 17:57 576

Токио-2020: Қазақстанда кей сайыстың неліктен трансляциясы болмағаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QazSport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясын көрсетуде туындап жатқан қиындықтар туралы айтты.

Құрметті көрермен! Токио Олимпиадасын көрсету құқығы жарыс басталар уақытта алынғандықтан, спорттық шараларды тікелей эфирде көрсету барысында біршама қиындықтар туындап жатыр. Сигналды қабылдайтын техниканы тексеру және тесттен өткізуді құқықты сатып алмай тұрып жүргізу мүмкін емес. Сондықтан телеарналардың алдын ала дайындық жүргізуге мүмкіндігі болған жоқ, - деп жазды телеарна директоры.

Оның айтуынша, техникалық жағынан келеңсіздіктердің туындау қаупін болжай отырып, қолда бар мүмкіндікпен Олимпиаданың бүгінгі бағдарламасы эфирлік кестеге енгізілді. Алайда жанкүйерлер отандастарымыздың кейбір сайыстарын тікелей эфирде тамашалай алмады.


«Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі» АҚ қызметкерлері бар мүмкіндіктерді пайдаланып, олқылықтарды жөндеуге тырысып жатыр. Сигналды тесттік режимде қабылдау бір немесе екі күн уақытқа созылуы мүмкін екенін ескерте отырып, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз, - деп жазды Нағи Бақытбеков.

Мәселе ерте шешімін тапқан жағдайда қосымша ақпарат айтылады.

Еске сала кетейік, кеше Токиода жазғы Олимпиада ойындары басталды. Спорттық жарыстың ашылу салтанаты отандық арналарда тікелей эфирде көрсетілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...