Токио-2020: Қазақстан алғашқы медалін алды

24 Шілде 2021, 16:27
4001
Бөлісу:
Токио-2020: Қазақстан алғашқы медалін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленді. 

Өзгелердің жаңалығы