Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев бокстан ширек финалға өтті

29 Шілде 2021, 16:34
2899
Бөлісу:
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев бокстан ширек финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 финалдағы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Ол 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов болмақ.

Айта кетейік, бүгін 75 келідегі салмақта жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновтан басым түсіп, жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы