Токио-2020: Ескекші Маргарита Торлопова ширек финалға жолдама алды

4 Тамыз 2021, 09:41
4184
Бөлісу:
Токио-2020: Ескекші Маргарита Торлопова ширек финалға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каноэ мен байдаркада есуден жарыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін біреулік-каноэде әйелдер арасында 200 м қашықтық бойынша іріктеу кезеңі өтті. Аталған санат бойынша ел сапынан қазақстандық Маргарита Торлопова қатысты. 

Іріктеу кезеңінде тиісті қашықтықты 49,721 уақытта бағындырған ол ширек финалға жолдама алды. 

Айта кетсек, топтағы бірінші және екінші орын жартылай финалға шығуға мүмкіндік берсе, соңғы төрт орын ширек финалға жолдама берді. Отандасымыз Маргарита Торлопова өз тобында жетінші болды. 

Өзгелердің жаңалығы