Бас жаңалықтар
Токио-2020. Дархан Асаділов мерзімінен бұрын жартылай финалға өтті
05 Тамыз 2021, 12:11 231

Токио-2020. Дархан Асаділов мерзімінен бұрын жартылай финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каратэшілер додасы жалғасуда. Қазақстандық Дархан Асаділов 67 келіге дейінгі салмақта мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дархан өз тобындағы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. 

Ол алдымен түркиялық Салман Эраиді 6:2 есебімен, кейін әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты.

Топтағы үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңді. Топтағы соңғы кездесуде Дархан египеттік Әли Әл-Савимен кездеседі. 

Жартылай финалдық кездесулер бүгін кешкі уақытқа жоспарланған. 


Фото: дереккөз
Загрузка...