Токио-2020: Бүгінгі Зәкір Сафиуллиннің жекпе-жегіне болжам

31 Шілде 2021, 14:46
3753
Бөлісу:
Токио-2020: Бүгінгі Зәкір Сафиуллиннің жекпе-жегіне болжам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Azattyq Ruhy-ның бас редакторы Серғали Балажан бүгін өтетін Зәкір Сафиулиннің жекпе-жегіне байланысты өз пікір білдірді. Бұл туралы ол Tokyo-2020: жаңалықтар және деректер атты Facebook парақшасына жазды.

Оның айтуынша, ардагер боксшымызға бүгінгі қарсыласы алаңның иесі соңғы жекпе-жектерінде жақсы нәтижелер көрсеткен.

Бокстан Қазақстан құрамасының ардагер боксшысы Зәкір Сафиуллинге 34 жаста. Бүгінгі жекпе-жегі оңай болмайды. Қарсыласы алаң иесі Дайсукэ Наримацу. Ол да жас емес, 32 жасқа келген. Ең үлкен жетістігі - Азия ойындарының қола жүлдегері атанған, - деді ол.

Сонымен қатар ол жапондық спортышының Зәкірден қарағанда қолы және бойының ірілігін ескеру керек екенін айтты.

Дайсукэні ортаңқол деп менсінбеуге болмайды. Ол өте тәжірибелі боксшы, сосын өз елінде өнер көрстеіп жатқаннан соң жауапкершіліктің үлкен екенін сезініп, жеңу үшін барын салады. Дайсукэ соңғы жекпе-жегін де өте жақсы деңгейді көрсеткен. Токио Олимпиадасы оның да соңғы жарысы болуы мүмкін. Сол себепті аянып қалмайды, - дейді Серғали Балажан.

Сөзінше, биыл Токио Олимпиадасына келген екі спортшыда соңғы жарыстарын өткізбек. Болжам бойынша Дайсукэ Наримацу жеңіске жетеді.

Өзгелердің жаңалығы