Токио-2020: Боксшы Зәкір Сафиуллин алғышқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

25 Шілде 2021, 17:00
2585
Бөлісу:
Токио-2020: Боксшы Зәкір Сафиуллин алғышқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасындағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады деп жазады Olympic.kz. 

63 келі салмақта сынға түскен Сафиуллин алғашқы айналымда Перу өкілі Леодан Пезо Сабояны ұтты. Төрешілердің барлығы жеңісті бірауыздан Зәкірге берді. Есеп - 5:0.

Осылайша, Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының 1/8 айналымына жолдама алды. 


Өзгелердің жаңалығы