Бас жаңалықтар
Токио-2020. Биіктікке секіруден қазақстандық қос атлет финалға өте алмады
05 Тамыз 2021, 09:23 720

Токио-2020. Биіктікке секіруден қазақстандық қос атлет финалға өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан биіктікке секіру бойынша қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова қатысты. Алайда қос спортшы да іріктеу кезеңінен финалға өте алмады. Олар 1.86 м биіктікке секіріп, Надежда Дубовицкая 14-ші орынға, ал Кристина Овчинникова 15-ші орынға жайғасты. 

Айта кетерлігі, финалға әр топтан алғашқы жеті спортшыға жолдама беріледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...