Токио-2020. Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

28 Шілде 2021, 11:06
1894
Бөлісу:
Токио-2020. Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын. 

Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді. 

Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты. 

Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы