Токио-2020: Арманымыз әлі де алда – Абылайхан Жүсіпов

28 Шілде 2021, 18:24
3095
Бөлісу:
Токио-2020: Арманымыз әлі де алда – Абылайхан Жүсіпов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң жанкүйерлерге жазба арнап, әлеуметтік желісіне жариялады.

Иә, қорқынышты түс сияқты көрінсе де, біз үшін Олимпиада-2020 аяқталды. Қиын-қыстау кезеңде кімнің дос, кімнің қас екенін анық көруге болады. Кезінде Құнанбай атамыз: Жаңылмас, қате баспас хан бола ма? Тапжылмас, табан таймас жан бола ма? дегендей, сүрінбейтн тұяқ болмаса да, армансыз адам бола ма? – деді ол.

Сонымен қатар ол жеңілістен кейін қолдау көрсеткен жақындары мен жанкүйерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Арманымыз әлі де алда, сеніміміз берік, ниетіміз таза. Жеңілгенді жер көтереді. Бүгін бізді жақындарымыз, жанкүйерлеріміз, халқымыз шын қолдап отыр. Осы адамдарға алғысымыз шексіз, адалдығымыз мәңгі. Баршаларыңызға көп рахмет! Токиодағы барша қазақстандық спортшыларға сәттілік жолдас болуын тілеймін! - деді Абылайхан.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Абылайхан Жүсіпов америкалық Деланте Джонсонға есе жіберіп, турнирді бірінші айналымда аяқтаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы