Токио-2020. Ағайынды Емельяновтар жартылай финалға өте алмады

2 Тамыз 2021, 10:45
3046
Бөлісу:
Токио-2020. Ағайынды Емельяновтар жартылай финалға өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1000 м қашықтықтағы ширек финалдық сындар аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты. 

Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішмен төртінші орыннан көрінді. Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды. 

В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.

Өзгелердің жаңалығы