Тоқаевты тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз – БҰҰ Бас хатшысы

11 Маусым 2019, 23:15
2029
Бөлісу:
Тоқаевты тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз – БҰҰ Бас хатшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен телефон  арқылы құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

"Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз", – деді Антониу Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.


Өзгелердің жаңалығы