Тоқаева жаңа жағдайдағы заңгерлер көмегінің трансформациясы туралы айтты

19 Қараша 2021, 13:17
796
Бөлісу:
Тоқаева жаңа жағдайдағы заңгерлер көмегінің трансформациясы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Адвокаттардың республикалық коллегиясы төрағасының міндетін атқарушы Әсел Тоқаева «Адвокатураны дамыту стратегиясы» форумының ашылуында айтты.

Биыл біз алтыншы мәрте адвокаттардың форумында кездесіп отырмыз. Алдағы онжылдықтың мәселесін талқылаймыз. Форумға құқық қорғау, сот жүйелерінің, атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарының өкілдері, жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылар, сондай-ақ Қазақстан, Польша, Ресей және Грузия адвокатурасының өкілдері қатысады, - деді Тоқаева.

Ол атағандай, форумда адвокатураның даму стратегиясы талқыланады.

Форум 3 сессияға бөлінген. Жаңа жағдайдағы заңгерлер көмегінің трансформациясы, цифрландыру және алдағы қауіп-қатерлерді болжау сынды мәселелер талқыланады, - деді ол.

Айта кетейік, шара Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен республикалық адвокаттар алқасы және Құқықтық саясатты зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы