Тоқаев: Жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз
16 Қараша 2021, 11:16 152

Тоқаев: Жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Каспий құбыр консорциумы қатысушыларының Акционерлер келісімшартына қол қойылуының 25 жылдығына арналған салтанатты мәжілісі басталды.

Баршаңызды Каспий құбыр желісі консорциумының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Мұнай-газ секторы - Қазақстанның экономикасын өркендетуге жол ашқан басты саланың бірі. Бұл саланы дамыту үшін шетелден ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы елдер қатарында. Қазір жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз, - деп атап өтті Тоқаев шараның ашылуында.

Президент атап өткендей, өнімді сыртқа шығаратын Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...