Тоқаев жер қатынастары туралы заңға қол қойды

30 Маусым 2021, 17:06
1579
Бөлісу:
Тоқаев жер қатынастары туралы заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы  жер қатынастары туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы