Тоқаев жастарды мақтан тұтатынын айтты

10 Желтоқсан 2019, 12:03
5250
Бөлісу:
Тоқаев жастарды мақтан тұтатынын айтты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылын қорытындылады. 

Бүгін ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар елорда төрінде Нұрсұлтан қаласында халқымыздың құтты мекенінде бас қосып отыр. Сіздермен тәуелсіздік күні қарсаңында жүздесіп отырмыз. Біз үшін бұдан асқан қастерлі әрі маңызды мереке жоқ. Құттықтаймын баршаңызды", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев жастарды мақтан тұтатынын айтты.

тары2.jpeg
Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекеттің келешегі – өздеріңіз. Жаңа ғана жастардың бір топ өкілі түрлі өзекті тақырыптарда жақсы сөз сөйледі. Ұтымды пікірлер айтты. Мен барша жастарды мақтан тұтамын. Биылғы жылдың мән-маңызы ерекше болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен барша ел болып Жастар жылын өткіздік. Бәріміз білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Жалпы еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды. Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау менің президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан осы мәселе әрдайым менің назарымда болады, - деді ҚР президенті.

Өзгелердің жаңалығы