Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

8 Шілде 2021, 10:10
3027
Бөлісу:
Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы