Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысын қабылдады
PHOTO
11 Қараша 2021, 21:28 114

Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентінің Ыстанбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден басталды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына Түркі кеңесінің алдағы саммитіне дайындық барысы, оның ішінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және жоғары деңгейдегі кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Бағдат Әміреев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұйымның қызметі мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бүгін өткен кеңесінің қорытындысы туралы айтты.

Президент саммитке дайындық жұмыстарының барысы көңілден шығатынын атап өтіп, Түркі кеңесін одан әрі дамыту жөнінде маңызды ұсыныстар берді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...