Бас жаңалықтар
Тоқаев цифрлық технологияны жан-жақты енгізу қажеттігін айтты
28 Наурыз 2019, 18:03 464

Тоқаев цифрлық технологияны жан-жақты енгізу қажеттігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында А.Жұмағалиев Қазақстан Президентіне ведомство жұмыстарының нәтижелері және орташа мерзімді кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы қорғаныс өнеркәсібі мен аэроғарыш саласының деңгейін көтеру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту жөніндегі ведомстваның алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, цифрлық технологияны біртіндеп және жан-жақты енгізу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Сыртқы барлау қызметінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярды қабылдады. Мемлекет басшысына ведомствоның қазіргі жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баяндалды. Қазақстан Президенті министрлікке бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді орындаудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ индустриялық даму жобаларын уақтылы іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық