Тоқаев Ресеймен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты

30 Қыркүйек 2021, 14:04
10867
Бөлісу:
Тоқаев Ресеймен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Біз теңіз жобаларын іске асыратын инвесторлар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасадық, ресейлік серіктестердің бірлескен теңіз жобаларын ішкі нарыққа мұнай жеткізуден босату жөніндегі ұсыныстарын қолдадық, сондай-ақ экспорттық кедендік баж салығын алып тастадық. Үкімет инвестициялық қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, инвестициялардың жаңа тетігін - жақсартылған модельдік келісімшартты әзірледі, - деді Тоқаев.

Тоқаев атап өткендей, ол инвестициялардың құқықтық қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ преференциялардың жаңартылған пакетін көздейді.

Әрине, біз ресейлік серіктестерді жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз. 2019 жылдан бастап Өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы табысты іске асырылуда. Қазіргі уақытта үш жоба іске асырылды – «Кировец» маркалы тракторлар өндірісі, Hyundai маркалы автомобильдер өндірісі және «Газ» маркалы көлік құралдарына арналған компоненттер өндірісі бойынша жоба. Біздің мемлекеттеріміздің порттық қуаты зор әлеуетке ие. Бүгінгі шындықта негізгі экспорттаушылар дәстүрлі маршруттарға балама іздейді. Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің теңіз порттары арқылы мультимодальдық Транскаспий бағдарын дамыту ерекше өзектілікке ие, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы