Бас жаңалықтар
Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 16:03 96

Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.

Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Қазақстан Президентіне цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.  

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселелері бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Фото: дереккөз
Загрузка...