Бас жаңалықтар
Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасарын қабылдады
03 Желтоқсан 2020, 16:26 317

Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасарын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.


Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...